Ақ қайыңдай бұралған қыпша белің,
Алма жүзің, алуа піскен ернің, Тарамдалған тал кірпік астындағы Қарақаттай көздерің неткен керім. Сүйірленген қыр мұрын, бір тал сызық, Жаратқаны қойғандай нұрмен сызып, Тәтті демің – раушанның хош иісі Жүргендеймін гүл бақта бірге жүзіп.
Ақ бәтесте бір оймақ әрленетін,
Күлген сайын көркіңе нәр беретін, Маржан тістер – гауһардың ең асылы Әлемде жоқ лағыл тас тең келетін.
Езу тарта, жымиып бір қарадың,
Аузы кетті ашылып жан жараның,
Олжа көрген көктегі қырғидайын
Бастан аяқ аш көзбен бір тарадым।
Ақ маңдайлы, қос бұрым, белден түскен, Бой-бітімің өзгеше, елден үстем, Тобылғының сабындай қос білегің
Майда саусақ, жасалған ақ күмістен.
Аққу мойын сенбісің оқшауланған,
Көк көйлекпен екі иық астарланған,
Massagan.com
urimtal said,
November 28, 2007 @ 5:55 pm
Сәлем!
Блогыңның жаңа мекені құтты болсын! Сәттілік тілеймін! Бұрынғы жазбаларыңды да көшіріп қойсаң жақсы болар еді.